Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Григорий Бабаян Қазақстан құрамасын жаттықтыруы мүмкін

22.07.2026, 19:31

Бұл қызметке басты үміткер ретінде Григорий Бабаян қарастырылып отыр

Григорий Бабаян Қазақстан құрамасын жаттықтыруы мүмкін
ҚФФ

«Астана» клубының бас бапкері Григорий Бабаян Қазақстан ұлттық құрамасының тізгінін ұстауы мүмкін.

Журналист Эльдар Аманбаевтың мәліметінше, маман ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне үміткерлердің қысқа тізіміне енген. Егер Қазақстан футбол федерациясы шетелдік маманмен келісімге келе алмаса, құраманы уақытша жергілікті бапкердің басқаруы ықтимал. Бұл қызметке басты үміткер ретінде Григорий Бабаян қарастырылып отыр.

Ақпаратқа сәйкес, Бабаян тағайындалған жағдайда Қазақстан құрамасы мен «Астана» клубындағы қызметін қатар алып жүреді. Яғни ол елордалық команданың бас бапкері қызметінен кетпейді.

Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құраманың жаңа бас бапкеріне қатысты түпкілікті шешімді осы айдың соңына дейін қабылдауды жоспарлап отыр.

45 жастағы Григорий Бабаян бұған дейін алты жыл бойы Қазақстан құрамасының бапкерлер штабында жұмыс істеген. Сондай-ақ «Астанамен» бірге бес мәрте Қазақстан чемпионы атанып, ел Кубогы мен Суперкубогын жеңіп алды. Оның жетекшілігімен елордалық клуб Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының топтық кезеңінде өнер көрсетіп, Еуропа лигасының 1/16 финалына дейін жеткен.

2020 жылы Бабаян «Тобылды» Қазақстан чемпионатының күміс жүлдесіне жеткізсе, 2021 жылы Мәскеудің ЦСКА клубында Алексей Березуцкийдің көмекшісі қызметін атқарды. 2022 жылдан бері ол қайтадан «Астананың» бас бапкері болып жұмыс істеп келеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам