Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

23 млн-нан астам адам Аргентинаны ФИФА жарыстарынан шеттетуді талап етті

Бүгін, 11:53

Әлемнің 170-тен астам елінің тұрғыны Аргентинаға қарсы шықты

23 млн-нан астам адам Аргентинаны ФИФА жарыстарынан шеттетуді талап етті
Getty Images

Футболдан әлем чемпионаты аяқталғаннан кейін Аргентина құрамасы тағы да үлкен даудың ортасында қалды.

Argentina Out атты онлайн-петицияға қазірдің өзінде 23,3 миллионнан астам адам қол қойған. Петиция авторлары Аргентина ұлттық құрамасын ФИФА ұйымдастыратын жарыстардан шеттетуді талап етуде. Мәліметке сәйкес, бастаманы әлемнің 170-тен астам елінің тұрғыны қолдаған.

Қол жинау көрсеткіші бойынша бұл петиция интернет тарихындағы ең ірі бастамалардың біріне айналып отыр. Ол тек 1990-жылдардың соңында 24 миллионнан астам қол жинаған Jubilee 2000 науқанынан ғана қалып келеді.

Петиция авторлары әлем чемпионаты барысында Аргентина құрамасына өзгелерге қарағанда ерекше жағдай жасалды деп есептейді. Сондай-ақ олар бірқатар төрешілік шешімдердің әділдігіне күмән келтіріп, турнирдің объективтілігіне қатысты сұрақтар көтерген.

Алайда бұл айыптаулар әзірге тек петиция авторларының пікірі болып саналады. ФИФА аталған мәселелер бойынша ресми түрде ешқандай қорытынды жариялаған жоқ.

Еске салайық, әлем чемпионатының финалында Аргентина құрамасы Испаниядан қосымша уақытта 0:1 есебімен жеңіліп, әлем чемпионы атағын қорғай алмады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам