Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

«Қайрат» бір футболшымен артық ойнаса да, «Омониядан» жеңіліп қалды

Бүгін, 00:18

Енді қарымта ойын бір аптадан кейін Алматыда өтеді

«Қайрат» бір футболшымен артық ойнаса да, «Омониядан» жеңіліп қалды
ФК "Кайрат"

Чемпиондар лигасы іріктеу кезеңінің екінші айналымында Алматының «Қайраты» Кипрге барып, жергілікті «Омониядан» жеңіліп қалды.

Алаң иелері небәрі 13-минутта есеп ашып кетті. Жартылай қорғаушы Андреу Панайотис айып алаңының сыртынан шірене тартып, қақпаның бұрышын дәл көздеді, есеп – 1:0. Ал, 34-минутта оның командаласы Лоик Него тәртіпті өрескел бұзғаны үшін алаңнан қуылды.

Осыдан кейін «Қайрат» бір ойыншыға артық қалса да есепті теңестіре алған жоқ. Толассыз шабуылдар ұйымдастырған алматылық клуб гол соғатын бірнеше мүмкіндікті пайдалана алмады.

Енді қарымта ойын бір аптадан кейін Алматыда өтеді. Қос матчтың нәтижесінде жеңіске жеткен клуб іріктеу кезеңінің үшінші айналымына шығып, «Левски» (Болгария) — «Университатя Крайова» (Румыния) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам