Англияның «Манчестер Сити» клубы өзбекстандық қорғаушы Абдукодир Хусановпен келісімшартты созды. The Athletic басылымының хабарлауынша, контракт мерзімі – 2031 жылдың жазына дейін.
Еске салайық, Өзбекстанның 22 жастағы футболшысы ағылшын клуына 2025 жылдың қаңтарында «Ланстан» ауысты. Содан бері ол негізгі құрамнан орын алып, команданың ең маңызды ойыншыларының біріне айналып үлгерді.
Хусанов соңғы маусымда «Манчестер Сити» сапында 37 ойын өткізіп, Англия Кубогі мен Ағылшын лигасының кубогін жеңіп алды. АПЛ-де екінші орынға тұрақтады.