Лионель Месси бастаған Аргентина құрамасы Әлем чемпионатының финалына шығып, Испаниядан жеңілді
«Манчестер Юнайтед» пен Ирландия құрамасының бұрынғы капитаны – даңқты футболшы Рой Кин Месси мен Роналдудың деңгейін салыстырды.
«The Overlap» Youtube-каналында болған подкаст барысында футбол ардагерлері – Рой Кин, Иан Райт («Арсенал») және Гари Невилл («Манчестер Юнайтед») күні кеше аяқталған Әлем чемпионатын талқылаған. Олар Лионель Мессидің футбол тарихындағы ролі туралы сөз қозғады.
Невилл: Біз енді Мессиді Пеле мен Марадонадан жоғары қоя аламыз ба? Оның кешегі ойындарынан кейін солай айтуға бола ма?
Кин: Иә, айтуға болады. Бірақ, ол әлі Роналдудың деңгейіне жете алған жоқ.
Невилл: Менің ойымша, біз оны әлі бұл деңгейге көтере алмаймыз.
Еске салайық, Лионель Месси бастаған Аргентина құрамасы Әлем чемпионатының финалына шығып, Испаниядан жеңілді. Десе де, Мессидің өзі ең үздік бомбардирлер қатарына еніп, әлем чемпионаттарында ең көп ойын өткізген ойыншы ретінде тарихта қалды.