Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

«Барселона» Коби Брайант брендімен бірге тіккен жаңа формасын таныстырды

Бүгін, 13:17

Күні кеше «Реал Мадрид» те өзінің жаңа формасын таныстырған болатын

«Барселона» Коби Брайант брендімен бірге тіккен жаңа формасын таныстырды
ФК "Барселона"

«Барселона» 2026/2027 жылғы маусымға арналған сырт алаңдағы жаңа ойын жейдесін таныстырды. Футболшылардың фотосуреттерін клубтың ресми сайтынан және әлеуметтік желідегі парақшасынан көруге болады.

«Клуб Nike және Kobe Bryant брендімен бірлесіп әзірленген 2026/2027 жылғы маусымға арналған сырт алаңдағы жаңа ойын формасын таныстырды. Өткен маусымда басталған серіктестіктің алғашқы кезеңінен кейін бұл ынтымақтастық екінші жыл қатарынан жалғасып, бәсекеге қабілетті, биік мақсатқа ұмтылу және үздік болуға деген ортақ құндылықтарға негізделген стратегиялық одақты одан әрі нығайта түсті.

Креативті науқан қажырлы еңбек, өз күшіне деген сенім және үнемі өзін-өзі жетілдіруге ұмтылу арқылы қалыптасқан сенімділік идеясына құрылған. Бұл ұстаным «Барселонаның» да, Коби Брайанттың да жарыс рухын табиғи түрде бейнелейді. Себебі екі аңызды да бір мақсат біріктіреді – жаңа белестерді бағындыру үшін үнемі жарысқа түсіп, алға ұмтылу.

Жаңа форма осы дүниетанымның көрінісі саналады. Kobe бренді стилінен шабыт алған жейде қара түсте жасалған. Бұл түс «Барселона» мен Kobe Bryant брендіне тән табандылық пен жеңіске деген жігерді білдіреді. Жейденің төменгі бөлігіндегі күлгін түске біртіндеп ауысу Коби Брайанттың спорттық мансабымен тығыз байланысты реңкті бейнелейді.

Алтын түсті элементтер ең биік мақсаттарға жетуге және жүлделерді жеңіп алуға деген ұмтылысты айқындайды. Сонымен қатар, дизайндағы бірқатар графикалық бөлшектер Коби Брайанттың ерекше стиліне нәзік ишара жасайды», – делінген клуб таратқан ресми хабарламада.

Еске салайық, күні кеше «Реал Мадрид» те өзінің жаңа формасын таныстырған болатын. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам