ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

«Челси» 18 жастағы қорғаушыны 47 млн еуроға сатып алды

01.09.2026, 20:00

Аханор 2026/27 жылғы маусымды «Кристал Пэлас» сапында жалда өткізбек

«Челси» 18 жастағы қорғаушыны  47 млн еуроға сатып алды
ФК “Челси”

Лондондық «Челси» «Аталантаның» 18 жастағы қорғаушысы Хонест Аханорды сатып алуға келісім жасалғанын ресми мәлімдеді. Жас футболшы жаңа клубына 2027 жылы қосылады.

БАҚ мәліметінше, трансфер құны бонустарды қоса есептегенде шамамен 47–48 миллион еуроны құрайды. Ал Аханор 2026/27 жылғы маусымды «Кристал Пэлас» сапында жалда өткізбек.

Аханор «Аталантаға» 2025 жылдың шілдесінде «Дженоадан» ауысқан. Бергамолық командадағы алғашқы маусымында ол барлық турнирде 35 матч өткізіп, Италия ұлттық құрамасында екі рет алаңға шықты.

Осылайша, қорғаушы алдағы маусымда Англия Премьер-лигасында тәжірибе жинап, 2027 жылдың жазында «Челсидің» қатарына толық қосылады.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам