ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Қазақстанның 40 дарынды жас футболшысы «Қайрат» академиясына қабылданды

Бүгін, 14:32

Қайрат Боранбаев жас футболшыларға академияның басты қағидасын айтты

Қазақстанның 40 дарынды жас футболшысы «Қайрат» академиясына қабылданды
Видеодан кадр

Қазақстанның әр өңірінен іріктелген 40 жас футболшы ресми түрде «Қайрат» академиясының тәрбиеленушісі атанды. Бұл туралы Қайрат Боранбаев әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Жаңа тәрбиеленушілер академияның арнайы рәсіміне қатысып, ант берді және алғаш рет «Қайраттың» жейдесін киді. Қайрат Боранбаев жас ойыншыларға клубтың эмблемасын иелену үлкен жауапкершілік жүктейтінін ескертті.

«„Қайратта“ жасқа жеңілдік жоқ: мұнда қатаң тәртіп, үлкенді сыйлау, мектепте жақсы оқу және алаңда бар күшіңді салу талап етіледі. Тәрбиеленуші антын айтып, алғаш рет „Қайраттың“ жейдесін киюге бірнеше минут қана кетеді. Бірақ бұл эмблеманы тағып жүруге лайық екеніңді дәлелдеу үшін жылдар бойы тынымсыз еңбек ету керек», — деп жазды ол.

Боранбаевтың сөзінше, академияның міндеті тек кәсіби футболшылар даярлаумен шектелмейді. Мұнда жасөспірімдердің тәртібіне, біліміне, мінезі мен адамдық қасиеттеріне де айрықша мән беріледі.

«Академиямыздың философиясы — мықты футболшыларды ғана тәрбиелеп шығару емес. Одан да маңыздысы — лайықты, тәртіпті әрі білімді азамат тәрбиелеу. Олардың бәрі бірдей кәсіби спортшы болмауы мүмкін, бірақ әрқайсысы бұл жерден өміріне қажет дұрыс құндылықтар мен мықты мінез қалыптастырып шығуы керек», — деді Қайрат Боранбаев.

Ол академияда жас футболшылардың дамуына қажетті инфрақұрылым, жатын орын, тамақтану жүйесі және білікті жаттықтырушылар қарастырылғанын атап өтті. Ендігі міндет — тәрбиеленушілердің берілген мүмкіндікті тиімді пайдаланып, академияға лайық екенін күнделікті еңбегімен дәлелдеуі.

«Біз әр таланттың ашылуына барлық жағдайды жасадық. Ендігі кезек жігіттерде — олар бұл жерге бекер келмегенін дәлелдеуі керек. Алда ұзақ жол бар, күн сайын еңбек етіңдер. Біз біргеміз!» — деп түйіндеді ол.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам