ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

«Қайсар» жаңа бас бапкерді Болгариядан тапты

Бүгін, 11:00

«Қайсарды» болгариялық маман Стамен Бельчев жаттықтыруы мүмкін

«Қайсар» жаңа бас бапкерді Болгариядан тапты
Әлеуметтік желі

Қызылорданың «Қайсары» бас бапкер қызметіне болгариялық Стамен Бельчевті тағайындауға жақын.

«Театр абсурда» арнасының мәліметінше, 57 жастағы маман алдағы күндері Қазақстанға келіп, клубпен келісімшарт жасасуы тиіс. Осыдан кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарына ресми түрде таныстыру жоспарланған. «Қайсар» бұл ақпаратты әзірге растаған жоқ.

Белчев бапкерлік мансабында Болгарияның «Любимец», «Хасково», «Литекс», Софияның ЦСКА және Кырджалидің «Арда» клубтарында жұмыс істеген. 2025 жылдың маусымынан қазанына дейін «Септември» командасын басқарды.

Қызылордалық клуб Андрей Ферапонтов кеткеннен кейін жаңа бас бапкер іздеуге кіріскен еді. Қазір команданы оның бұрынғы көмекшісі Дмитрий Карпов уақытша жаттықтырып жүр.

Бұған дейін «Қайсар» басшылығы Талғат Байсуфинов, Владимир Чебурин және Магомед Адиевпен келіссөз жүргізгені хабарланған. Алайда тараптар әртүрлі себепке байланысты ортақ келісімге келе алмаған.

Қазақстан Премьер-лигасының 24 турынан кейін «Қайсар» 20 ұпай жинап, турнир кестесінің соңғы сатысында тұр. Сондықтан жаңа бапкердің алдында команданы төменгі орыннан шығару міндеті тұрады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам