Қазақстанның Азия ойындарына баратын ауыр атлеттері анықталды
Қазақстан ауыр атлетика федерациясы Аичи-Нагояда (Жапония) өтетін 2026 жылғы Азия ойындарына қатысатын спортшылардың тізімін жариялады.
Төртжылдықтың басты додасында ел намысын мына ауыр атлеттер қорғайды:
Ерлер
60 келіге дейін: Өтепберген Әлиев
65 келіге дейін: Сайрамкез Ақмолда
75 келіге дейін: Бексұлтан Айтбай
85 келіге дейін: Алексей Чуркин
95 келіге дейін: Нұрғиса Әділетұлы
Әйелдер
57 келіге дейін: Екатерина Алякина
69 келіге дейін: Арай Нұрлыбекова
77 келіге дейін: Аянат Жұмағали
86 келіге дейін: Айғаным Жанболат
86 келіден жоғары: Любовь Ковальчук
Айта кетейік, 2026 жылғы Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтеді.