ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

40 жастағы Возинья әлемнің үздік қақпашысы атануға үміткер

Бүгін, 12:21

Әлем чемпионатының 40 жастағы қаһарманы үздік қақпашы жүлдесіне ұсынылды

40 жастағы Возинья әлемнің үздік қақпашысы атануға үміткер
© Simon Stacpoole/Offside / Contributor / Offside

Кабо-Верде құрамасының қақпашысы Возинья 2026 жылдың үздік қақпашысына берілетін Лев Яшин жүлдесіне үміткерлер қатарына енді.

«Алтын доп» ұйымдастырушылары жариялаған тізімге барлығы он қақпашы кірді. Возиньямен бірге жүлдеге Яссин Буну, Тибо Куртуа, Жоан Гарсия, Грегор Кобель, Эмилиано Мартинес, Эдуар Менди, Давид Райя, Матвей Сафонов және Унаи Симон таласады.

40 жастағы Возинья 2026 жылғы әлем чемпионатында Кабо-Верде құрамасының басты қаһармандарының біріне айналды. Ол мундиальдағы алғашқы ойында Испанияға қарсы жеті сейв жасап, командасына 0:0 есебімен тең түсуге көмектесті. Қақпашы осы кездесудің үздік ойыншысы атанды.

Кабо-Верде әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне де жолдама алды. Команда 1/16 финалда Аргентинаға қосымша уақытта 2:3 есебімен есе жіберді. Возинья бұл матчта сегіз соққыны қайтарып, тағы да жоғары деңгейдегі ойынымен көзге түсті.

Есептік кезеңде қақпашы 30 матч өткізіп, 35 гол жіберген және 13 кездесуде қақпасын құрғақ сақтаған. Ол маусым барысында Португалияның «Шавеш» клубында ойнап, әлем чемпионатынан кейін Чилидің «Коло-Коло» командасына ауысты.

Футболшының толық аты-жөні — Жозимар Жозе Эвора Диаш. Әлем чемпионатына дейін мансабының басым бөлігін Еуропаның жетекші лигаларынан тыс өткізген қақпашы мундиальдағы өнерінен кейін халықаралық деңгейде кеңінен танылды.

Үміткерлердің толық тізімі «Алтын доптың» ресми сайтында⁠ жарияланды. Жүлде иесі 26 қазанда Лондонда өтетін марапаттау рәсімінде анықталады. 2025 жылы бұл атақты италиялық Джанлуиджи Доннарумма жеңіп алған.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам