Владимир Слишкович «Жеңіс» клубының бас бапкері қызметінен кетті

Босниялық маманның жетекшілігімен «Жеңіс» тоғыз матч өткізіп, оның төртеуінде жеңіске жетті

ФК "Жеңіс"
ФК "Жеңіс"

Астаналық «Жеңіс» футбол клубының бас бапкері Владимир Слишкович қызметінен кетті. Босниялық маман мұндай шешімді жеке себептерге байланысты қабылдағанын мәлімдеді.

«Өкінішке қарай, шешуді қажет ететін жеке себептерге байланысты командадан кетуге мәжбүрмін. Көңілім құлазып қоштасып барамын. Дегенмен команданың әр ойынын бақылап, оған жанкүйер болуды жалғастыратынымды білсеңіздер екен. Клубтың болашағы зор екеніне сенімдімін. Алға қойған мақсаттарына жету үшін қажетті амбициясы бар. Қолдауларыңызға рақмет. Өкінішке қарай, осындай шешім қабылдауыма тура келді», — деді маман.

Бас бапкермен бірге оның жаттықтырушылар штабындағы Омер Йолдич пен Младен Чучкович те клубтан кетеді.

Владимир Слишковичтің жетекшілігімен «Жеңіс» тоғыз матч өткізіп, төрт рет жеңіске жетті және бес кездесуде жеңіліс тапты.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам