Ламин Ямальдің мойнынан ұстап, басын екі рет соққан футболшы қатаң жазаланды

Оқиға «Барселона» мен «Бетис» арасындағы кездесуде болды

Getty Images
Getty Images

«Бетис» клубының жартылай қорғаушысы Факундо Берналь «Барселона» шабуылшысы Ламин Ямальға шабуыл жасағаны үшін төрт матчқа шеттетілді. Мұндай шешімді Испания корольдік футбол федерациясының тәртіптік комитеті қабылдады.

Оқиға Испания чемпионатының тоғызыншы турында «Барселона» мен «Бетис» арасындағы кездесуде болды. Каталониялық клуб 5:2 есебімен жеңіске жеткен матчтың 54-минутында футболшылар арасында жанжал туындады.

Сол сәтте 23 жастағы уругвайлық ойыншы Ямальдың мойнынан ұстап, оның басынан екі рет соққан. Кездесудің бас төрешісі Рикардо де Бургос Бенгоэчеа Бернальға қызыл қағаз көрсетсе, «Барселона» футболшысы ескерту алды. Төрешінің хаттамасында бұл әрекет «бетке баспен қатарынан екі рет соққы жасау» деп сипатталған.

«Бетис» клубы төрешінің шешіміне шағымданып, хаттамада нақты қате барын және жанжалға Ямальдың арандатуы себеп болғанын алға тартты. Алайда тәртіптік комитет клубтың уәждерін қабылдамай, жазаны күшінде қалдырды.

Осылайша, Берналь Испания чемпионатындағы «Сельта», «Малага» және «Эльче» клубтарына қарсы кездесулерді, сондай-ақ Испания кубогы аясындағы «Навалькарнероға» қарсы матчты өткізіп алады.

 

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам