Топтық кезеңде Уразбахтин шәкірттері «Аталанта», «Мьельбю», «Университет Крайова» және «Твенте» клубтарымен кездесу өткізеді
Конференция лигасы жалпы кезеңінің екінші турында «Қайрат» өз алаңында грекиялық «Панатинайкосты» қабылдап, 1:5 есебімен ойсырай жеңілді.
Матч Алматыдағы Орталық стадионда өтті. Есепті 6-минутта қонақтар сапынан Висенте Таборда ашты. Ал, 24-минутта төреші «Қайрат» қақпасына пенальти белгілеп, 11 метрлік айып добын Сирил Дессерс қатесіз орындады. 29-минутта грекиялық клуб сапынан Тетте үшінші голды соққан. Алайда, қапталдағы төреші оффсайд болғанын анықтап, гол есепке алынбады.
Екінші таймда «Панатинайкос» тағы үш гол соқты. Алдымен Дессерс, артынан Кангва және Растодер қанжығасын майлады. Ал, 79-минутта алматылықтар сапынан Исмаил Бекболат көзге түсіп, ойын нүктесін қойды.
Еске салайық, бірінші турда «Қайрат» Латвияға барып, «Ригамен» тең ойнаған еді – 1:1. Топтық кезеңде Уразбахтин шәкірттері «Аталанта», «Мьельбю», «Университет Крайова» және «Твенте» клубтарымен кездесу өткізеді.