«Линкольн Сити» мен «Бернли» арасындағы кездесу 24 қазанда өтеді
Англияның «Бернли» клубы Чемпионшип аясында «Линкольн Ситиге» қарсы өтетін сырт алаңдағы матчқа 14 футболшысын қоса алмайды. Бұл жағдай Қазақстан құрамасының 18 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтпаевтың негізгі құрамда алаңға шығу мүмкіндігін арттыруы ықтимал.
Британдық журналист Мэтт Скрафтон әлеуметтік желідегі парақшасында «Бернли» алдағы кездесуде жарақат пен тіркеуге қатысты мәселелерге байланысты бірқатар ойыншысының көмегіне жүгіне алмайтынын хабарлады.
«Жарақаттар мен тіркеуге қатысты мәселелерге байланысты «Бернли» сенбі күні «Линкольнге» қарсы матчта 14 ойыншысынсыз ойнайды. Егер Джош Каллен де ойынға дайын болмаса, бұл сан 15-ке жетеді», — деп жазды журналист.
Қазір командаға көмектесе алмайтын футболшылардың қатарында Бен Эймос, Анел Ахмедходжич, Йордан Байер, Башир Хамфрис, Шуранди Самбо, Ханнибал Межбри, Аарон Рэмзи, Джейдон Банел, Якоб Бруун Ларсен, Майк Трезор, Зеки Амдуни, Эшли Барнс, Майкл Обафеми және Джейми Варди бар.
Әсіресе шабуыл шебіндегі ойыншылардың қатардан шығуы Сәтпаевтың мүмкіндігін арттыруы мүмкін. Қазақстандық футболшы санның артқы бұлшықетінен алған жарақатынан кейін жақында ғана алаңға оралды. «Вулверхэмптонға» қарсы өткен соңғы матчта ол 30 минут ойнады.
«Линкольн Сити» мен «Бернли» арасындағы кездесу 24 қазанда өтеді. Қазақстан уақытымен сағат 19:00-де басталады.