Мұның алдында ұлттық құрама Грекиядан ойсырай жеңілген болатын
Футболдан Қазақстан құрамасы Люксембургпен жолдастық кездесу өткізіп, 1:2 есебімен жеңіліп қалды.
Ұлттар лигасының жартылай финалындағы масқара жеңілістен кейін (Сербия – Қазақстан 5:0) Магомед Адиев шәкірттері Люксембургке аттанған болатын. Жанкүйерлер болса небәрі 600 мың халқы бар шағын мемлекетті біздің футболшылар жеңеді деген сенімде болды. Алайда, Қазақстан құрамасы бұл сенімді ақтаған жоқ.
Матч бастала салысымен «Қайрат» жартылай қорғаушысы Әділет Садыбеков есеп ашқан. Алайда, бұл есеп таблода ұзақ тұрған жоқ. Алдымен 24-минутта Жерсон Родригес есепті теңестірсе, 45-минутта Данел Синани алаң иелерін алға шығарды. Екінші таймда командалар гол соққан жоқ.
Осылайша, Қазақстан құрамасы соңғы бес күнде қатарынан екі матчта жеңіліп қалды.