Әлемдегі сексуальный футболшы қыздар. Жаңа шығарылым!

Қазақстанды ойсырата жеңген Грекия құрамасы грузиндерден жеңіліп қалды

27.03.2024, 00:52

Осылайша, Грузия құрамасы Еуропа чемпионатына берілетін жолдаманы жеңіп алды

Қазақстанды ойсырата жеңген Грекия құрамасы грузиндерден жеңіліп қалды
LEVAN VERDZEULI/GETTY IMAGES

Футболдан Грузия құрамасы Ұлттар лигасының басты сенсациясын жасады. C тобының финалында Грекиямен кездескен Саньол шәкірттері негізгі уақытта тең ойнап, матч соңынан кейінгі пенальтиде жеңімпаз атанды.

Осылайша, Грузия құрамасы Еуропа чемпионатына берілетін жолдаманы жеңіп алды.

Матч Тбилисидегі Борис Пайчадзе атындағы стадионда өтті. 90 минут бойы бірде-бір гол соға алмаған командалар овертаймдағы жарты сағатта да мәселені шеше алған жоқ. Ал, пенальти сериясында грузиндердің жолы болды, есеп – 4:2.

Айта кетейік, жартылай финалдық ойындарда Грекия құрамасы Қазакқстанды 5:0 есебімен ойсырата жеңген болатын. Ал, Грузия Люксембургтен 2:0 есебімен басым түсті.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам