Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

Түріктер Бақтиер Зайнутдиновты тағы да негізгі құрамға қоспады

28.03.2024, 23:55

«Бешикташ» клубымен оның келісімшарты 2027 жылға дейін жасалған

Түріктер Бақтиер Зайнутдиновты тағы да негізгі құрамға қоспады
Бешикташ ФК

Түркияның «Бешикташ» клубында өнер көрсететін Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов «Фатих Карагюмрюкпен» өтетін жолдастық кездесудің негізгі құрамына ілінген жоқ.

Матч бүгін 28 наурызда өтетін. Стамбұл командасының бас бапкері негізгі құрамды жариялады: Эрсин, Онур, Неджип, Колли, Масуаку, Геззаль, Жедсон, Амарти, Мулека, Тосун, Абубакар.

Тізімде Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы жоқ. Зайнутдинов бұған дейін Түркия суперлигасының 30-турында «Антальяспор» клубымен кездесуде де қосалқы құрамда қалған еді.

Айта кетейік, 25 жастағы футболшы жақында ұлттық құрамамен бірге Грекия және Люксембург құрамаларымен ойында алғашқы минуттан алаңға шықты. Екі ойында да көзге түсе алған жоқ.

«Бешикташ» клубымен оның келісімшарты 2027 жылға дейін жасалған.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам