Былтыр клуб Бірінші лигада топ жара алған жоқ
Оралдық «Ақжайық» футбол командасының бас бапкері болып Қуаныш Қарақұлов тағайындалды.
Клуб жаттықтырушысы қызметін атқаратын маман бұған дейін «Жігер», «Ордабасы», «Оқжетпес», «Атырау» сияқты командаларда футболшы ретінде ойнаған. Ал бапкер ретінде «Мақтаарал», «Академия Оңтүстік» секілді команданың ойыншыларын бірнеше жыл жаттықтырды.
Айта кететін жайт, «Ақжайық» биыл да бірінші лигада өнер көрсетуін жалғастырады. Былтыр клуб лиганың турнир кестесінде үздіктер қатарында болмағандықтан Премьер-лигаға шыға алмаған еді.