Ұсынылған баға Бақтиердың өз құнынан екі есе аз
Футболдан Ресей Премьер-лигасының ТОП клубтары «Бешикташ» жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдиновке қызығушылық танытып отыр деп хабарлады Milliyet.com.tr.
«ЦСКА-дан 4,5 млн еуроға «Бешикташқа» өткен Бақтиер Зайнутдиновты Ресейдің бірнеше клубы сатып алуға ниеттеніп отыр. Қазақстандық 26 жастағы футболшыға қызығушылық танытқандар қатарында мәскеулік «Спартак» және «Краснодар» бар. «Бешикташ» Зайнутдиновке 4-5 млн еуро деген баға қойды. Ал, келіп жатқан ұсыныстар 2-ден 2,5 млн еуро аралығында. Стамбұлдық клуб қазақстандықты команда сапында қалдыруға да қарсы емес, өйткені келесі маусымнан бастап ол легионер болып есептеледі», - делінген аталған хабарламада.
Еске салайық, Бақтиер Зайнутдинов «Бешикташ» сапына 2023 жылы ауысты. Оған дейін ол Ресейдің ЦСКА және «Ростов» клубтарында ойнаған.