Бразилиядағы оқиғалар-2: фэйк Рональдиньо, қарапайым Клозе, жұрт ұмытқан МакМанаман

Ұлттық құраманың тең жартысы біздің түлектер – Қайрат Боранбаев жеңілістен кейін пікір білдірді

22.04.2024, 15:19

Ол бас бапкерді әзір ауыстырмайтынын да айтты

Ұлттық құраманың тең жартысы біздің түлектер – Қайрат Боранбаев жеңілістен кейін пікір білдірді
olympic.kz

Өз алаңында «Ақтөбеге» 1:3 есебімен жол берген «Қайрат» клубы жанкүйерлердің сынына ұшырады. Олар бас бапкер Кирилл Кекердің тактикасына да, ойыншылардың өнеріне де көңілі толмағанын білдіріп жатыр. Осыдан соң алматылық клубтың Бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев қатарға жас футболшылардың көптеп алынуының себебін түсіндірді.

Боранбаев соңғы он жылда чемпиондық атаққа қол жеткізіп, Кубокта да алты рет топ жарған «Қайраттың» мақсаты жергілікті ойыншыларға басымдық беру екенін алға тартты.

«Өз түлектерімізді дайындайтын толық циклды басынан бастап құрдық. Жетістікке үлкен қаражат салу мен шетелдік ойыншыларды жаппай сатып алудың арқасында емес, жас футболшылармен жұмыс істей алатындығымыздың арқасында келгенімізді қалаймын.Мысалы, соңғы бес жылда Қазақстан құрамасының тең жартысы біздің түлектерден құралған. Сондай-ақ жыл сайын өз мансабын басқа клубтарда жалғастырып, өсіп, елдегі футболдың сапасын жақсартатын ондаған дайын кәсіби футболшыны шығарамыз. Бұл кеше ғана Қазақстан ауылдары мен қалаларынан шыққан балалар. Олар біздің жұмысымыздың арқасында спортпен айналыса алады», - деді Боранбаев.

Клуб басшысы бас бапкердің жұмысына да қатысты ойын білдіріп, ол әзірге өз орнында қалатынын нақтылады.

«Штабқа қатысты шағымдарға келетін болсақ, әзірге Кирилл Кекер бас бапкер болып қала береді. Ол біздің бапкер болып тұрғанда оған құрмет көрсету керек. Ойында жақсы мүмкіндіктеріміз болды. Басқа күні біз жеңіп кетуші де едік. Маусым әлі аяқталған жоқ. Команданы жеңісте де, жеңілісте де қолдау қажет. Алда талай жеңіске жетеміз. Стадионды толтырып, бізді қолдап, жанкүйер болған жандарға алғыс айтамын», - деп жазды Қайрат Боранбаев.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам