Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Тағыбергенді қорқытып, африкалық легионердің нәсілін кемсіткен Шымкент әкімінің әкесі екені рас па?

25.04.2024, 09:55

«Жаңа Қазақстан» немесе Шымкентке «тоқсаныншы жылдар» қайта оралғандай 

Тағыбергенді қорқытып, африкалық легионердің нәсілін кемсіткен Шымкент әкімінің әкесі екені рас па?
ФК Ордабасы

Футбол инсайдері әрі журналист Владимир Жарков «Ордабасы» клубында мәселе ушығып тұрғанын, сондықтан құқық қорғау органдары араласуы керектігін жазды.

Оның айтуынша, 23 сәуірде «Ордабасының» жаттығуына бірнегше автокөлік келіп, оның ішінен түскен адамдар футболшылар мен бапкерлерге қалада кімнің қожайын екенін көрсеткісі келген.

«Келгендердің ішіндегі басты адам өзін қала әкімінің әкесімін деп таныстырған. Оның жанында ірі денелі бірнеше ер жігіт және жасы егде тартқан жанкүйерлер болды. Олар командаға, соның ішінде бас бапкер Александр Седневке дөрекі сөйлеп, көңілі толмайтынын жеткізген.

Сондай-ақ, Асхат Тағыбергенге де ауыр сөздер айтылды. Ал, әкімнің әкесімін деген ер адам африкалық легионерлердің нәсілін кемсіткен», - деп жазады Жарков.

Футболшылар мен бапкерлерге «тағылған басты айып» – «Қайраттан» жеңілуі және стадионның жанкүйерге толмауы.

Журналист Владимир Жарков «шақырылмаған қонақтардың» бұл әрекеті жазылып қалғанын және БАҚ арқылы барынша жария болатынын мәлімдеп отыр.

Еске салайық, күні кеше «Ордабасы» клубының Instagram-дағы ресми парақшасында бас бапкер Александр Седневтің отставкаға кететіні туралы ақпарат тарады. Клуб қазір оның орнын басатын бапкер іздеуде.

Футболдан әлемнің ең қызықты чемпионаттарын, соның ішінде Испания, Италия, Германия және Франция біріншілігін FONBET өз клиенттері үшін тегін көрсетеді. Егер тіркелмеген болсаңыз, қазір уақыты келді: 1bol промокоды арқылы тіркелген жаңа клиенттің әрбіріне 200 000 теңге бонус беріледі.
http://www.fonbet.kz/s/gAiU3i

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам