Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

«Қайрат» ойынына кіре алмай жылаған балаға Қайрат Боранбаев жаңа смартфон сыйлады

24.04.2024, 10:07

Сондай-ақ, ол әлемдік футбол жұлдызымен кездесті

«Қайрат» ойынына кіре алмай жылаған балаға Қайрат Боранбаев жаңа смартфон сыйлады
Қайрат ФК

Футболдан ҚПЛ-дің кезекті туры аясындағы «Қайрат» – «Ақтөбе» матчы алаңда да, алаң сыртында да «қызыққа толы» болды. Стадионға кіре алмаған жүздеген адам алматылық команданың матчты дұрыс ұйымдастырмағанын айтып шағымданған. Олардың қатарында Әділет Тасқара есімді кішкентай бала да болды.

Әділеттің жылап тұрған видеосы бүкіл Қазнетке тез тарап, қоғамда қызу пікірталас туған. Артынша, «Қайрат» клубының басшылығы стадионға кіре алмаған кішкентай балаларға арнап экскурсия ұйымдастыруға уәде берді.

Ал, Әділет Тасқараны Қайрат Боранбаевтың өзі тауып алып, оны Францияның әйгілі ойыншысы Флоран Малудамен кездестіріпті. Сондай-ақ, жаңа смартфон сыйға тартқан. Бұл туралы «Қайраттың» Instagram-парақшасында жазылған.

«Видеоны тамашалай келе, оны бес жасынан бастап С. П. Квочкин атындағы Академияға қатысып жүрген «Қайрат» U-11 командасының ойыншысы екенін білдік. Сонымен қатар Әділет ағасы Қанағатпен бірге өз алаңымызда өтетін кездесулерді өткізбей келіп жүрген клубымыздың адал жанкүйері.

Бағымызға орай, Әділет стадионға кіріп үлгерді. Оның үстіне ойыннан кейін «Челсидің» және Франция құрамасының бұрынғы ойыншысы Флоран Малудамен суретке түсті», - делінген аталған хабарламада.

Клуб басшылығы Әділеттің адалдығына тәнті екенін айтып, оған алғысын білдірді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам