Жаңа шығарылым! Англия жеңіледі. Саутгейт ақымақ адам!

Еуропа лигасы мен Конференция лигасының финалистері анықталды

10.05.2024, 02:15

«Байердің» жеңіліссіз сериясы 49 матчқа жетті

Еуропа лигасы мен Конференция лигасының финалистері анықталды
Getty Images

Бүгін Еуропа лигасы мен Конференция лигасының финалында кездесетін командалар анықталды. 

Еуропа лигасы

«Байер» өз алаңында «Ромамен» тең ойнап (2:2), қос матчтың есебінде ақтық сынға шықты. Бір апта бұрын немістер Римде алаң иелерін 2:0 есебімен жеңіп кеткен болатын. Осылайша Хаби Алонсо шәкірттері жеңіліссіз ойындар сериясын 49 матчқа жеткізіп, еуропалық рекордты тағы жаңартты.

Ал, «Аталанта» болса өз алаңында «Марсельді» қабылдап, 3:0 есебімен ойсырата жеңді. Бергамолық клуб енді финалда «Байерді» тоқтату үшін барын салады.

Конференция лигасы

Еурокубоктердің ең төменгі дивизионында жарыстың «алтыны» үшін «Олимпиакос» пен «Фиорентина» өзара мықтыны анықтайды. Италиялық команда кеше өз алаңында «Брюггемен» 1:1 есебімен тең ойнап, қос матч нәтижесінде (4:3) ақтық сынға жолдама алған болатын.

Ал, бүгін гректердің «Олимпиакос» клубы сырт алаңда «Астон Вилланы» еш қиындықсыз 2:0 есебімен жеңіп кетті. Бірінші ойында пирейлік команда ағылшындарды 4:2 есебімен тізе бүктірген еді.

Еске салайық, Чемпиондар лигасының финалистері кеше анықталған болатын. 1 маусымда Лондондағы «Уэмбли» стадионында мадридтік «Реал» мен дортмундық «Боруссия» кездеседі.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам