Жаңа шығарылым! Англия жеңіледі. Саутгейт ақымақ адам!

Килиан Мбаппе ПСЖ-дан кеткенін өзі ресми мәлімдеді (ВИДЕО)

10.05.2024, 23:35

Ол қай клубта мансабын жалғастыратынын айтған жоқ

Килиан Мбаппе ПСЖ-дан кеткенін өзі ресми мәлімдеді (ВИДЕО)
Getty Images

ПСЖ шабуылшысы Килиан Мбаппе маусым соңында командадан кететінін ресми түрде растады. Бұған дейін футбол инсайдерлері Мбаппенің «Реалға» ауысатынын айтқанымен, клубтар тарапы да, футболшының өзі де үнсіз қалған.

Киллиан Мбаппе бүгін әлеуметтік желіде видеоүндеу жариялап, ПСЖ-да енді ойнамайтынын айтты.

«Мен үнемі уақыты келгенде үндеу жасайтынымды айтатынмын. Бұл менің ПСЖ сапындағы соңғы маусымым. Келісімшартты ұзартпаймын. Бірнеше аптадан кейін мұндай жұмысым аяқталады. Сенбі күні «Парк де Пренс» стадионындағы соңғы ойынымды өткіземін», - дейді Мбаппе.

Шабуылшы 2017 жылдан бері париждік клуб сапында ойнап келеді. Команда сапында 6 рет Франция чемпионы болды.

Биылғы маусымда 28 матч өткізіп, 26 гол соққан. Сонымен қатар, 7 нәтижелі пасы бар.

Футболшы жақын күндері Мадридтің «Реалына» ауысады деп күтілуде.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам