Әлемдегі сексуальный футболшы қыздар. Жаңа шығарылым!

«Қыран» ақшаның жоқтығынан тағы бір матчқа бара алмай қалды

05.06.2024, 15:25

Бұған дейін шымкенттіктер Екібастұз бен Астанада болатын матчтарға да ақшаның жоқтығынан бара алмаған

«Қыран» ақшаның жоқтығынан тағы бір матчқа бара алмай қалды
instagram.com/qyran_fc/

Футболдан Қазақстан чемпионатының Бірінші лигасында «Алтай» мен «Қыран» арасындағы матч өтпей қалды. Шымкенттік команда кездесуге келмеген деп жазады спорт журналисі Владимир Жарков.

Матч 6 маусымда Өскеменде өтуі тиіс болған. Алайда, «Қыран» басшылары қаражаттың жоқтығынан команданы ойынға жібере алмапты.

Айта кету керек, «Қыран» биылдыққа үшінші матчты дәл осылай жіберіп алды. Чемпионаттың екінші турында шымкенттіктер Екібастұзға бара алмаса, бесінші турда Астанада SD Family клубымен болатын ойынға келмеді.

Чемпионат регламентіне сәйкес, үш ойынды жіберген команда жарыстан шеттетіледі. Енді QFL «Қыранға» қандай шара қолданатыны күтіліп отыр.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам