Жаңа шығарылым! Англия жеңіледі. Саутгейт ақымақ адам!

Черчесов Бақтиер Зайнудтиновтің тағдырына алаңдап Түркияға бармақшы

06.06.2024, 09:39

Ол Зайнутдиновті қандай позицияда ойнататынын да әлі шешпегенін айтты

Черчесов Бақтиер Зайнудтиновтің тағдырына алаңдап Түркияға бармақшы
Getty Images

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов  Бақтиер Зайнутдиновке қатысты ойын бөлісті. Сонымен қатар ол өзге футболшылардың да шетел асуына көмектесетінін айтып отыр.

Ресейлік маман Vesti.kz сайтына сұхбат берген болатын.

«Бақтиерға қатысты бүгін де Түркияға екі рет хабарластым. Оған не болғанын білу керек. Түркияға да барып келемін. «Бешикташта» бірнеше рет болғанмын. Роман Нойштедтер ойнаған, сондықтан байланыс бар. Зайнутдинов секілді ойыншылар Қазақстанда саусақпен санарлық. Бірақ ол аз ойнайды. Оның ойыны нашар болғандықтан емес, жарақаты болғандықтан да алаңға жиі шықпайды. Жарақаты неден екенін анықтау керек, мүмкін көмегім тиіп қалар. Өзімен де, «Бешикташ» басшылығымен де сөйлесемін. Мұндай деңгейдегі ойыншылар құрамаға керек, қол ұшын созып, байланыста болуымыз қажет. 

Мұндай әмбабап ойыншысы бар бапкер бақытты. Айтпақшы, менде Ресей құрамасында Далер Кузяев осындай еді. Ол қай позицияда болсын сапалы ойнайтын. Сол себепті Зайнутдиновтің нақты қай жерде ойнайтынын айта алмаймын. Бастысы, командаға көмегін тигізуі қажет», - дейді Черчесов.

Сондай-ақ ол талантты футболшылардың Қазақстанда қалмай, шетелге кетуіне жағдай жасауымыз керек деп отыр. 

«Сол үшін жұмыс істейміз және барынша жарнамалауға тырысамыз. Шетелде тек бір ойыншының жүруі – тым аз деп ойлаймын», - деді Станислав Черчесов.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам