Қыздар мен ерлер боксы теңеседі. Еркекшора бокшылар. Ұлттық құрамадағы интирига

Қазақстанда орыстілді орта болғандықтан жұмыс істеуге келістім – Станислав Черчесов

05.06.2024, 22:28

Ол бұған дейінгі сұхбатта шетелде жұмыс істемейтінін мәлімдеген болатын

Қазақстанда орыстілді орта болғандықтан жұмыс істеуге келістім – Станислав Черчесов
РИА Новости

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасына бас бапкер болып тағайындалған Станислав Черчесов неліктен бұл ұсынысқа келіскенін айтты.

Есте болса, ол былтыр Венгрияның «Ференцварош» клубынан кеткен соң, шетелде жұмыс істегісі келмейтінін айтып, сұхбат берген болатын.

«Мен шет мемлекеттерде жұмыс істегім келмейді деп айтқаным рас. Солай сұхбат бердім. Бірақ, бәрі мені Ресейден шыққысы жоқ деп ойлады. Шын мәнінде мен орыстілді ортада ғана жұмыс істегім келетінін жеткізгенмін. Осы ретте Қазақстанға келуге сол үшін келістім», - дейді Станислав Черчесов Vesti.kz сайтына берген сұхбатында.

Айта кетейік, бұған дейін 60 жастағы маман Ресейдің «Спартак» (Мәскеу), «Жемчужина», «Терек», «Амкар», «Динамо» (Мәскеу) сынды клубтарын жаттықтырды. Бұған қоса, Польшаның «Легия», Венгрияның «Ференцварош» клубын баптаған. Ресей құрамасының бас бапкері де болды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам