Ол Алматыдағы кинотеатрлардың бірінде қазақ тіліндегі мультфильм тамашалаған
Алматының «Қайратына» бас бапкер болып тағайындалған ресейлік Александр Кержаковтың әйелі қазақ тілін үйренбекші. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Ресейден келген маман әйелін ертіп, Алматыдағы кинотеатрлардың біріне барған. Екеуі «Головоломка-2» («Ойжұмбақ-2») мультфильмін көруге кіріпті. Ал, оның қазақша екенін тек фильм басталғанда бір-ақ білген. Мұнан кейін Кержаковтың әйелі Евгения Ледащева әлеуметтік желіге «Қазақша үйренетін кез келді» деп жазба қалдырды.
Кержаков пен Ледащева 2020 жылдан бері кездесіп, тек 2022 жылы ғана үйленуге бел буған.
Александр Кержаков Ресей құрамасының ең үздік сұрмергені атанған. 29 мамырда «Қайрат» клубы оны бас бапкер ретінде ресми таныстырды.