Жаңа шоу! Чемпиондар лигасына "легендарный" болжамдар!

Еуропа чемпионатындағы ең күтпеген гол Түркияның қақпасына кірді (ВИДЕО)

22.06.2024, 22:34

Матч жеңімпазы плей-офф кезеңіне жолдама алады

Еуропа чемпионатындағы ең күтпеген гол Түркияның қақпасына кірді (ВИДЕО)
Матч ТВ

Футболдан Еуропа чемпионатының екінші тур ойындары аяқталуға жақын. F тобының фавориттері Португалия мен Түркия арасындағы матчта жарыстың ең күтпеген голы салынды деуге болады.

Есепті бірінші таймда португалдықтар ашқан, гол авторы – Бернарду Силва (21-минут). Ал, 28-минутта Канселу шабуылдау кезінде Роналдуға пас берем деп допты Түркия қорғаушысы Самет Акайдиннің аяғына салып берген, ол қақпашыға пас бермек болып өз қақпасына гол соқты.

Матч әлі жалғасып жатыр. 56-минутта Роналдудың пасынан кейін Бруно Фернандеш гол соғып, таблодағы көрсеткішті 3:0-ге жеткізді.

Матч жеңімпазы плей-офф кезеңіне жолдама алады. Түркия жеңілсе де үш ұпаймен екінші орнын сақтап қалады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам