Әлемдегі сексуальный футболшы қыздар. Жаңа шығарылым!

«Тараз» клубы Зайнутдиновтың пікірін жариялаған қызметкерді жұмыстан қуды

26.06.2024, 14:57

Ол Бахтиер Зайнутдиновтің пікірін жариялағаны үшін «қаһарға» ілінгенін мәлімдеді

«Тараз» клубы Зайнутдиновтың пікірін жариялаған қызметкерді жұмыстан қуды
instagram/zhambyl.gov.kz

Футболдан еліміздің Бірінші лигасында ойнайтын «Тараз» клубы бір қызметкерін жұмыстан шығарып жіберді. Аталған қызметкер клубтың пиар бөлімінде жұмыс істеген.

Ол «Бешикташта» доп тебетін «Тараздың» бұрынғы ойыншысы Бахтиер Зайнутдиновтің пікірін жариялағаны үшін «қаһарға» ілінгенін мәлімдеді.

Бахтиер сұхбат барысында:

«Тараздың» Бірінші лигада ойнап жатқаны өкінішті, олай болмауы керек" деп айтқан сөзін жариялаған. Осыдан кейін оны клуб басшылығы шақырып алып, жұмыстан шығарылатынын ескерткен.

«Мені осыдан кейін клуб басшылары шақырып алды. Бұл жерде қосымша жұмыс істеймін. Директордың орынбасары маған репортажым үшін, басшылықпен келіспей жариялағаным үшін жұмытан шығармақ. Мен бұдан кейін далада қалмаймын. Басқа да жұмысым бар. Жағдай осылай болды. Футбол клубының осылай істегені күлкілі. Олар өздеріне жақпаған нәрсе үшін осылай істеп отыр. Бұл нақты кімге ұнамағанын білмеймін», - деді бейнежазда авторы.

Бұған дейін «Тараз» клубының ойыншылары мен бапкерлері тиісті айлық еңбекақысын ала алмай жүргені туралы айтылған еді. Жағдай шешімін таппай жатқандықтан кейбір ойыншылар трансферлік маусымда басқа командаға ауысуды көздейтіні де белгілі болған.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам