Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Жерар Пике 25 жастағы сүйіктісімен бірге көпшілік алдына шықты

26.06.2024, 12:59

Футболшы сүйіктісін жанынан бір елі тастамай, екеуі үнемі қол ұстасып жүрген

Жерар Пике 25 жастағы сүйіктісімен бірге көпшілік алдына шықты
thevoicemag.ru

Футболшы мен студент қыз спорттық іс-шараға барған. Жерар Пике мен оның сүйіктісі Клара Чиа Марти көпшілік алдына шықты. 

«Барселона» клубының 37 жастағы бұрынғы қорғаушысы өзінің 25 жастағы сүйіктісімен «Формула-1-дің» Испанияда өтіп жатқан Гран-приіне көрермен ретінде барған.  

Марти қою көк түсті қысқа көйлек киіп, күннен қорғайтын көзілдірік таққан. Ал Пике ақшыл түсті жейде мен шалбар киген.

Футболшы сүйіктісін жанынан бір елі тастамай, екеуі үнемі қол ұстасып жүргенін байқауға болады. 

Естеріңізде болса, бірер жыл бұрын Жерар осы бойжеткен үшін Шакирамен ажырасты деген ақпарат тараған еді. Танымал әншімен екеуі 12 жыл некеде тұрып, қазір 11 жасар Милан мен 9 жасар Саша есімді екі ұлы бар.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам