Әлемдегі сексуальный футболшы қыздар. Жаңа шығарылым!

Зайнутдиновтың Түркияда қалғаны дұрыс па? Бас бапкер футболшыға қандай кеңес берді

26.06.2024, 18:20

Бапкер футболшымен бірнеше рет тілдесіп үлгергенін айтты

Зайнутдиновтың Түркияда қалғаны дұрыс па? Бас бапкер футболшыға қандай кеңес берді
ФК “Бешикташ”

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов көшбасшы ойыншылардың бірі Бахтиер Зайнутдиновке қатысты пікірін білдірді. 

Бапкер футболшымен бірнеше рет тілдесіп үлгергенін айтты.

«Біріншіден, мені оның мұрны қызықтырды. Операциядан кейін қаншалықты қалыпқа келіп үлгергенін білгім келді. Футболға келсек, әрине, «Бешикташ» клубында да достарымыз бар, олардан сұрап-білдім. Себебі оның соңғы уақыттарда алаңға көп шыға бермейтіні белгілі. Үнемі негізгі құрамда ойнай ала ма, сол жағын да сұрастырдым. Қалай дегенмен мұндай топ-клубтарда тұрақты түрде негізгі құрамда алаңға шығады дегенге ешкім кепілдік бермейді. Бапкер қай футболшының қаншалықты пайдалы болатынын түсінуі керек», - деді ол.

Сонымен қатар Зайнутдиновтің Түркияда қалғаны қаншалықты дұрыс екенін де сұрадық.

«Зенит» тарапынан қызығушылық болғаны рас. Ол да талқыланды. Ол менің ойымды біледі. Енді қай жерде алаңға шығу мүмкіндігі жоғары екенін өзі түсінуі керек. Маған Ресей біріншілігіне келсе, оны бақылау да, тікелей байланысу да оңайырақ болатыны анық. Пікір алмасу да аса қиындық туғызбаушы еді. «Бешикташта» да достарымыз бар, бәрібір байланыс болады. Бірақ бәрібір алыстау. Көреміз. 

Зайнутдинов - сапалы ойын көрсететін, бірнеше позицияда сапалы ойнай алатын және соның ешбір позицияда сапаны жоғалтпайтын футболшы. Мұндай әмбебап ойыншылар құрамаға керек. Енді телефонмен ғана емес, жеке кездесіп, қасыма алып тұрып сөйлесуім керек. Сонда тиісті дәрежеде жігер бере аламын», - деді ол.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам