Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Әлемге танымал ағайынды футболшылар

31.08.2024, 01:08

Бұған дейінгі шығарылымдарымыздың бірін футболдағы әкелі-балаларға арнаған болатынбыз. Бұл жолы да осы тақырыптан алыстамай, жасыл алаңда жарқырап өнер көрсеткен, қазір де футбол ойнап жүрген талантты ағайынды аяқдопшылар туралы айтқанды жөн көріп отырмыз. Әлемде футбол ойнайтын бір ата-анадан туған, бауырлас футболшылар көп, бірақ солардың ішінде қалың елге танымал болғандары өте сирек кездесіп жатады. 

Бобби және Джек Чарльтон (Англия)

Бобби және Джек Чарльтон

Өткен ғасырдағы Англия құрамасының даңқты шабуылшысы Бобби Чарльтонды білмейтін футбол жанкүйерлері кемде-кем шығар. Ағылшын футболының бет-бейнесіне айналған Боббидің Джек есімді ағасы бар. Кіші Чарльтон «Манчестер Юнайтед» клубының аңызына айналса, Боббиден екі жас үлкендігі бар Джек бүкіл карьерасын «Лидс» сапында өткізген. Дегенмен, атақ пен жетістік жағынан Боббидің ағасына қарағанда жолы болған. Ол бір мәрте «Алтын доп» сыйлығын алып, 10 рет Англия чемпионы атанды. Мұндай жетістік Джекке сол күйі арман болып қалды. Дегенмен, ағайынды Чарлтондар 1966 жылы Англиямен әлем чемпионы атағын жеңіп алған.

Гари және Фил Невилл (Англия)

Гари және Фил Невилл

Ағайынды Невиллдер «Манчестер Юнайтед» клубының тәрбиленушісі саналады. Екеуі сол клубта жалпы саны 988 матч өткізген. Гари карьерасын «Олд Траффорд» бастап, сол стадионда соңғы ойынын өткізді. Ал  Фил 2005 жылы Манчестерден кетіп, сегіз жыл «Эвертон» клубының жейдесінде доп тепті.

Сонымен қатар ағайынды футболшылар Англия құрамасы сапында да бірге ойнады. Ұлттық құрамада екеуі 150 матчқа қатысып, 2007 жылы құрамадан бірге кетті. Қазіргі таңда Фил Невилл АҚШ-тың «Портленд Тимберс» клубының бас жаттықтырушысы. Ал Гари Невилл Дэвид Бекхэм, Райан Гиггз, Ники Батт және Пол Скоулмен бірге Англияның үшінші дивизиондағы «Сэлфорд Сити» клубының басшылық қызметінде.

Габриэль Милито және Диего Милито (Аргентина)

Габриэль Милито және Диего Милито

Ағайынды Милитолар да футболда біраз жетістіккен жеткен футболшылар. Әсіресе, Диего Милито. Ол карьерасында 249 гол соқты. Футбол жолын әртүрлі клубта бастаған ағайындылардың жолы 2005 жылы бір клубта түйісті. Сол жылы Диего інісі доп тебетін «Реал Сарагоса» командасына қосылды.

Екеуі екі жыл бірге ойнаған соң Габриэль «Барселона» сапына ауысып, екі мәрте Чемпиондар лигасын жеңді. Диего да мұндай атақтан кенде емес. 2010 жылы Чемпиондар лигасының финалында «Бавария» қақпасына дубль жасап, «Интерге» ұзақ жыл күткен қос құлақты кубокті әперді.

Филиппо Индзаги және Симоне Индзаги (Италия)

Филиппо Индзаги және Симоне Индзаги

Италиялық ағайынды Индзагилердің екеуі де шабуыл шебінде ойнаған. Дегенмен, Симонеге қарағанда Филиппоның футболда да, шабуылда да бағы жанды. Қарапайым «Пьяченца» клуыбнан «Ювентус», «Милан» секілді Италияның алпауыт командаларында өнер көрсетті. 2006 жылғы әлем чемпионы атағымен қатар, екі рет Чемпиондар лигасында, бір рет клубтар арасындағы әлем біріншілігінде, үш мәрте Итлаия А сериясында топ жарды. Еурокубок тарихындағы ең үздік сұрмергеннің бірі болды. Ал кіші Индзаги карьерасында «Аталанта» деңгейінен әрі аса алған жоқ. Жүлде мен жетістіктер саны да ауыз толтырып айтарлықтай емес.

Қазіргі таңда ағайынды Индзагилер бапкерлік бағытта бақтарын сынап жүр. Бір қызығы, футболшы карьерасында Филиппоның атағы алысқа тараса, бапкерлік өнерде бәрі керісінше. Симоне «Лацио» және «Интер» командаларымен бірге жоғары жетістікке жетіп, футбол әлеміне даңқты бапкер ретінде танылды. Ал Филиппо Италия Б Сериясында ойнайтын «Пиза» командасын жаттықтырады.

Эден Азар, Торган Азар және Килиан Азар

Эден Азар, Торган Азар және Килиан Азар

Танымал ағайынды футболшылар туралы сөз қозағанда, Бельгиядағы Азарлар отбасын да айтпай кетуге болмас. Эден, Торган және Килиан Азарлар өз клубтарында атын қалыптастырған футболшылар. Дегенмен, үш ағайынның ішіндегі ең даңқтысы Эден екені белгілі. Өз заманында әлемдегі ең үздік вингердің бірі болды. «Челсиде» жарқырап өнер көрсетті. Тек «Реалда» бағы жанбады. Дәлірегі, жарақаттарына байланысты Мадридтік клубта тәуір ойнай алмады.

Ал Азарлар отбасының ортаншысы Торган «Ланс», «Челси», «Боруссия Дортмунд» секілді клубтарда ойнаған. Қазіргі таңда «Андерлехт» сапында доп тебеді. Кенжетай Килиан болса үлкен ағалары сияқты аса танымал емес. Болашақта да танымал болатынына үміт жоқ. Өйткені келесі жылы ол 30 жасқа толады. Бүгінде ол бельгиялық RWDM клубы сапында ойнайды.

Уэйн Руни және Джон Руни

Джон Руни, Грэм Руни және Уэйн Руни, 1997 жыл

«Манчестер Юнайтед» пен Англия ұлттық құрамасының шабуылшысы Уэйн Рунидің Джон Руни деген інісі барын көшілік біле бермес. Биыл 34-ке толатын жартылай қорғаушы Англияның төмен лигаларындағы бірнеше командада өнер көрсеткен. Сонымен қатар 2011-2012 жылдары мұхит асып, америкалық «Нью-Йорк Ред Буллз» және «Орландо Сити» клубтарында да ойнап келді. Джон Руни былтырдан бері «Маклсфилд Таун» командасында доп тебеді. Бүгінге дейін 25 матчқа қатысып, 15 гол соғып үлгерген.

Тони Кроос және Феликс Кроос

Тони Кроос және Феликс Кроос

Германиядағы Кроостар әулеті де дүниеге талантты футболшыларды әкелгенімен мақтана алады. «Алтын доптан» басқа барлық марапатты алған футболдың қазіргі заманғы профессоры Тони Кроостан бөлек, інісі Феликс Кроос та маңызды жетістіктерге қол жеткізді.

Феликс Кроос Тони сияқты «Ганза Росток» жастар командасында ойнаған. Бұл екі ағайынды футболшының бір-біріне иық тіреп ойнаған жалғыз команда. Арада бірнеше жыл өткенде Тони «Баварияға» ауысып, Феликс «Ганзада» қалып қойды. 2010 жылы Феликс «Вердермен» келісімшартқа отырып, алты жыл бір клубта ойнайды. Кейіннен «Унион», одан соң «Айнтрахт» (Брауншвейг) клубына ауысып, 2021 жылы карьерасын аяқтады. Феликстің ағасынан бір айырмашылығы, ол тек Германия клубтарында ғана ойнаған.

Джанлуиджи Доннарума және Антонио Доннарума

Бұларды қақпашылар әулеті десе болады. Әлемде Антонио Доннарумма деген қақпашы бар екенін көпшілік Джанлуиджи Доннаруманың жұлдыз жағанған кейін ғана біле бастады. Италияның болашағы, Буффонның ізбасары деп саналған Джанлуиджи Доннарума 17 жасында «Миланның» негізгі қақпашысы болды. 2017 жылы Джанлуиджи «Миланмен» жаңа келісімшарт жасағанда клубтан ағасы Антонионы «Милан» сапына қайтаруды талап еткен. «Миланның» басшылығы дарынды қақпашының айтқанын екі етпей, Грекияның «Астерас» клубынан Антонио алдыртты. Бірақ «Милан» сапында болған 4 жылында ол бірде-бір рет матчта алаңға шыққан жоқ.

Джуд Беллингем және Джоб Беллингем (Англия)

Ағылшын футболшысы Джуд Беллингемнің карьерасы Ертөстіктен де ерте өсті. 20 жасына дейін «Бирмингем», Дортмундтың «Боруссия» клубтарында ойнаған ол былтыр «Реал» сапына қосылды. Небәрі бір жылдың ішінде бірталай футболшыға арман болған жеңіс пен кубокті еншілеп үлгерді.

Джудтің 2005 жылы туған Джоб деген інісі бар. 2007 жылы дүниеге келген Ламин Ямаль сияқты футболшылар Еуропа чемпионы атанып, «Барселонаның» негізгі құрамына ілініп жүргенде 19 жастағы баланы жас деп айта алмаспыз. Джоб Чемпионшиптағы «Сандерленд» клубында ойнайды. Әзірге айтарлықтай жетістігі жоқ. Дегенмен, Джуд інісінің болашақта мықты футболшы болатынына сенеді.

Килиан Мбаппе және Этан Мбаппе (Франция)

Франциялық шабуылшы Килиан Мбаппе «Монакодан» ПСЖ сапына ауысқанда Париж клубының академиясына інісі Этан да қабылданды. Ол кезде кіші Мбаппе 10 жаста болатын. Биыл ПСЖ-ның негізгі клубында енді қосылғанда ағасы командадан кеткен соң Этан да клуб ауыстырғанды жөн көрді. Бірер ай бұрын Этан «Лилль» клубымен үш жылдық келісімшартқа отырды. Кіші Мбаппе ораталық жартылай қорғаныста ойнайды және үнемі Франция жастар құрамасына шақырту алып тұрады.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам