«Қазақстандағыдан көп»: Максим Самородов Ресейдегі жалақысы туралы айтты

Грозныйға бара салып жарақат алған Самородов әлі жарытып ойнаған жоқ

Ахмат ФК
Ахмат ФК

Жуырда ғана «Ақтөбеден» Грозныйдың «Ахмат» футбол клубына ауысқан Максим Самородов екі ел футболшыларының жалақысын салыстырды.

«РПЛ-де көбірек төлейді. Жаңалықтарды оқып отырып таң қаласың, Ресей футболшылары сұмдық көп жалақы алады, біздікінен 2-3 есеге дейін көп. Бұл менің ойым, кімнің нақты қанша алатынын айта алмаймын. Мен «Ахматқа» өз талабымды қойдым, құнығып кеткен жоқпын, Қазақстанда алып жүрген жалақымнан сәл көп сұрадым. Олар келісті», - деді Самородов Meta-ratings.kz тілшісіне берген сұхбатында.

Айта кетейік, Самородов «Ахматқа» 6 тамызда ауысып, жарақатына байланысты тек екі-ақ матч ойнады. Оны «Ақтөбеден» грозныйлық команда 1,2 млн еуроға сатып алған.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам