Жаңа подкаст! «Елімай» – сенсация. «Тобыл» – жыл өкініші.

Лига кубогының финалында Астананың екі командасы кездесетін болды

26.09.2024, 09:03

Финалдық матч қашан және қай қалада өтетіні әзірге белгісіз

Лига кубогының финалында Астананың екі командасы кездесетін болды
Астана ФК

Футболдан Лига кубогының жартылай финалының қарымта матчтары өтті. «Астана» мен «Елімай» және «Қайрат» пен «Жеңіс» клубтары өзара кездесті.

«Қайрат» - «Жеңіс» - 2:0 (2:3 пенальти)

Голдар: Гиорги Зария, 32 (1:0). Гиорги Зария, 53 (2:0).
Алғашқы матч: 0:2

Алматыдағы «Орталық» стадионда «Қайрат» Астананың «Жеңіс» клубын қабылдаған. Бұған дейін Қарағандыдағы ойында «Жеңіс» 2:0 есебімен басым түскен еді. Осы жолы негізгі уақытта «Қайрат» екі гол соғып, жалпы есепті теңестірді. Матч тағдыры пенальти сериясында шешілді. «Қайрат» академиясының түлегі Темірлан Анарбеков «Жеңіс» сапында керемет шеберлігін көрсетіп, елордалықтарды финалға алып шықты.

«Астана» - «Елімай» - 0:0 (3:1 пенальти)

Алғашқы матч: 0:0

Жазда Семейдегі ойын да 0:0 есебімен аяқталған болатын. Бұл жолы да екі команда 120 минут ойнап, есеп аша алмады. «Елімай» сапынан Юрий Перцух 105-минутта алаңнан қуылды. Ал, жеңімпаз пенальти сериясында анықталды. 

Пенальти сериясында Мұхаммеджан Сейсен барлық дерлік соққылардың бағытын дәл тауып, елордалықтарды финалға шығарды.

Лига кубогының финалы қай стадионда және қай күні өтетіні туралы қосымша хабарланады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам