Шавкат бейнеленген ресми UFC мерчін алуға асық

«Оңай болмайды». Футзалдан Португалия капитаны Қазақстан құрамасына баға берді

26.09.2024, 11:03

Бүгін Қазақстан мен Португалия кездеседі

«Оңай болмайды». Футзалдан Португалия капитаны Қазақстан құрамасына баға берді
Getty images

Бүгін футзалдан әлем чемпионатының 1/8 финалында Қазақстан мен Португалия құрамалары кездеседі. Португалия футзал құрамасының капитаны Жоао Матос Meta-ratings.kz сайтына берген сұхбатында қазақстандық құрама туралы пікір білдірді.

– Келесі матч 1/8 финалда Қазақстанға қарсы өтеді. Бұл команданы қалай бағалайсыз?

– Бұл турнирде олардың ойынын көрмедім, уақытым болмады. Бірақ Қазақстанның өте мықты және тәжірибелі құрам екенін жақсы білемін. Соңғы ірі турнирлерде олар жақсы нәтижелер көрсетті. Осы чемпионатта Испаниямен тең ойнап, топта бірінші орын үшін соңына дейін күресті, сондықтан оңай болмайтыны анық.

– Қазақстанмен ойында неге назар аудару керек?

– Әзірге айта алмаймын, бұл туралы әлі ойланған жоқпын. Жаттықтырушылар штабы барлық қажетті ақпаратты дайындап, Қазақстанға қарсы неге назар аудару керек және қалай әрекет ету керектігін түсіндіреді.

Еске салайық, әлем чемпионатының 1/8 финалындағы Қазақстан мен Португалия арасындағы матч 26 қыркүйекте Әндіжанда өтеді. Ойын астана уақытымен 20:00-де басталады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам