Жаңа шоу! Чемпиондар лигасына "легендарный" болжамдар!

Семейде ірі есеппен жеңіске жеткен «Астана» жетінші чемпиондығына жақындай түсті

20.10.2024, 18:06

«Қызылжар» өз алаңында «Атыраудан» 3:2 есебімен басым түсті

Семейде ірі есеппен жеңіске жеткен «Астана» жетінші чемпиондығына жақындай түсті
kazfootball.kz

Қазақстан премьер-лигасының 23-турының орталық матчында Семейде «Елімай» мен «Астана» кездесті. Бұл алты ұпайға бағаланған ойын болатын.

Қай команда жеңіске жетсе, сол клубтың чемпиондыққа мүмкіндігі артатын еді. Андрей Карпович шәкірттері білгендерінен жаңылып, қонақтарға голдарды өздері сыйлады. Бірінші таймда «Астана» қарсыластың қателігін тиімді пайдаланып, екі гол соқты. Үзілістен кейін Рамазан Кәрімов матчтың нүктесін қойды.

«Осылайша», «Астана» турнир кестесінде үшінші орынға көтерілді. Елорда клубының бірінші орындағы «Ордабасыдан» екі ұпайы кем. Бірақ бір ойынға аз өткізген. Егер ол матчты жеңсе «Астана» топ бастайды.

Сондай-ақ бүгін «Қызылжар» өз алаңында «Атыраудан» 3:2 есебімен басым түсті.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам