Жаңа шоу! Чемпиондар лигасына "легендарный" болжамдар!

Лионель Месси «Интер Майами» тарихындағы ең үздік сұрмерген атанды

20.10.2024, 11:02

Соңғы матчта ол хет-трик авторы атанды

Лионель Месси «Интер Майами» тарихындағы ең үздік сұрмерген атанды
Getty Images

Аргентинаның даңқты футболшысы Лионель Месси «Интер Майами» клубының тарихындағы ең үздік сұрмерген атанды. МЛС-тің кезекті туры аясында оның командасы «Нью-Инглэнд Революшн» клубымен кездесіп, 6:2 есебімен ойсырата жеңіске жетті.

Бір қызығы, бірінші таймда қонақтар екі гол соғып, сенімді түрде алға шыққан. Алайда, уругвайлық шабуылшы Луис Суарес тайм аяқталғанға дейін есепті теңестіріп кетті. Ал, екінші таймда Лионель Месси қатарынан үш гол соғып, майамилік жанкүйерлердің мерейін үстем етті. Тағы бір гол Бенха Кремаскидің еншісінде.

Осылайша, 37 жастағы Месси америкалық клуб үшін 33 гол соғып, командаласы Леонардо Кампануды (32 гол) басып озды. Ал, соңғы маусымда аргентиналық шабуылшы 19 матч өткізіп, 20 голмен көзге түскен және 10 нәтижелі пас берген.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам