Сыйақы ресейлік валютада беріледі
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы мен Ресейдің «Зенит» клубының қорғаушысы Нұралы Әліпке 23 млн теңге сыйақы беріледі.
Ресейлік инсайдер Иван Карпов «Зенит» клубының ойыншыларына беретін сыйақысын айтты.
Егер «Зенит» басты бәсекелестерінің бірі саналатын Мәскеудің «Спартак» клубын жеңетін болса, әр футболшыға 5 млн рубль (23 596 млн теңге) сыйақы береді екен.
Ал «Краснодар», «Локомотив», ЦСКА, «Динамо» клубтарын ұтқанда 2 млн рубльден үлестіріледі.
Бір қызығы, Мәскеудің «Локомотив» командасы 10-турда «Спартакты» жеңгенде әр ойыншыға 1,2 млн еуродан берген. Негізі бұл клубта сыйақы көлемі – 300 мың еуро. Ал «Спартак» жақында «Локомотивтен» басым түскенде футболшыларына 840 мың рубль көлемінде сыйақы тағайындады.