Шавкат бейнеленген ресми UFC мерчін алуға асық

Бес жыл бұрын «Қайсардың» үздік футболшы болған шабуылшы «Милан» қақпасына гол соқты

27.11.2024, 01:09

Ол сондай-ақ, «Астана» сапында да доп тепкен

Бес жыл бұрын «Қайсардың» үздік футболшы болған шабуылшы «Милан» қақпасына гол соқты
Transfermarkt

Бір кездері Қызылорданың «Қайсар» және елорданың «Астана» командаларында ойнаған армениялық Тигран Барсегян Чемпиондар лигасының бесінші турында Италияның атақты командасы «Милан» қақпасына гол соқты.

Ол қазір Словакияның «Слован» командасында өнер көрсетіп жүр. Братислава қаласының ұжымы өз алаңында Италияның «Милан» клубын қабылдады. Бірінші таймда қонақтар сапынан Кристан Пулишич есеп ашты. Ал Тигран Барсегян қарымта шабуылда жылдамдығын арттырып, 24-минутта таразы басын теңестірді.

Екінші таймда «Милан» тағы екі доп соғып, есепте алға шықты. «Слован» тек бір доппен жауап қайтарды. Одан әріге шамалары жетпеді. Қорытынды есеп – 2:3. 

Айта кетейік, «Слован» командасын «Қайраттың» экс-бапкері Владимир Вайсс жаттықтырады. Сондай-ақ, командада Ақтөбе облысының тумасы Юрий Медведев пен Қарағандының «Шахтер» командасында ойнаған словак Юлиус Сзоке өнер көрсетеді.

Тигран Барсегян – Қызылорданың «Қайсар» клубында 2019 жылғы маусымда ойнаған. Сол кезде Қазақстан кубогында топ жарып, өзі 29 матчта 12 гол соққан. Армениялық футболшы команданың үздік ойыншысы болды. Кейін 2020 және 2021 жылғы маусымда «Астана» сапында доп тепті.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам