Шавкат бейнеленген ресми UFC мерчін алуға асық

«Менікі дұрыс емес, бірақ кешірім сұрамаймын». Черчесов қазақ тіліне қатысты дау туралы айтты

27.11.2024, 17:51

Ол Қазақстан құрамасы үшін шын жанкүйермін дейді

«Менікі дұрыс емес, бірақ кешірім сұрамаймын». Черчесов қазақ тіліне қатысты дау туралы айтты
ҚФФ

Станислав Черчесов Қазақстан құрамасына келгелі басынан дау арылмай-ақ қойды. Шәкірттерінің Ұлттар лигасында сәтсіз өнер көрсетуімен қатар, Черчесовтің орынсыз әзілдері де жанкүйердің ашуын туғызып жүргені рас. 

Естеріңізде болса, ол Қазақстан Словениядан ұтылған соң өткен баспасөз конференциясында қазақ тіліне қатысты әзіл айтамын деп сынға қалды. Тілшінің қазақша қойып жатқан сауалына ол: «Сен французша сөйлеп тұрсың ба?» деп мысқылдаған.  Бұл көпшілікке ұнамай, федерация Черчесовке 738 400 теңге айыппұл салды.

Черчесов бұл сөздері арқылы ешкімді ренжітуді көздемегенін айтқан.

«Қазақстандық журналистердің тілі өткір, бұл дұрыс та. Бірақ, олар білуі керек, ең бірінші құрамаға жеңісті қалайтын адам – менмін», — деді бапкер «Матч ТВ» тілшісіне берген сұхбатында.

Ол өзінің әзіл сөздерін көпшілік тым қатты қабылдағанын да тілге тиек етті.

«Мен жаман түк айтқан жоқпын. Өз жұмысымды істеп жүрмін, ешкімді ренжітетін ойым да жоқ. Әзілді түсінбесе, мен кінәлімін. Бірақ кешірім сұраудың мәнін көріп тұрған жоқпын, себебі жаман нәрсе істемедім. Тек журналистен орнынан тұрып менің нені меңзеп тұрғанымды көрсетуін сұрадым», — деді Черчесов.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам