Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Марсело лайк басты. Маған "мал" деп жазған адамды тауып алдым - Нұрлан Еспанов

24.12.2023, 20:34

Белгілі әнші Нұрлан Еспановпен шайға қант қоспай ішіп отырып көретін "тәтті" подкаст болды. Адам жатырқамайтын, бір әңгіменің түйіні ағытылса шешіліп сөйлейтін Нұрлан Еспанов бұл жолы да көсілді. Бірінші минуттан бастап қамшы салдырмады. Анекдот та айтты, пәлсапалық пайымын да ортаға салды.

Нұрлан Еспанов футболдан алыс емес. Жасы 50-ге келсе де үнемі доптың соңында жүр. Қазақстан ұлттық құрамасының амбассадоры. 

Ол жастарға жанашыр болғысы келеді. Егер таланты тасып тұрған, футболға деген махаббаты зор үш бала табылса, бәріне қымбат бутсы (оригинал – жейдесі, шортысы, гетры) сыйлайтынын айтты.

Айтпақшы, Нұрлан Еспанов футбол функционеріне айналса (агент), Қазақстан футболын насихаттау үшін Арсен Венгер, Зиденин Зидан, Роналдиньо сияқты футбол тұлғаларын елге әкелгісі келетін арманын жасырмады.

Нұрлан Еспанов жақында қазақтың бір талантты баласын "Трабзонспор" клубына апарып, түрік скауттарына таныстыруды жоспарлап отыр екен. Ол "нағыз талант – талантты тани білген адам" деп есептейді. Қазақтың талантты балалары әлемдік клубтарда доп тепкенін шын қалайды. 

Подкасты соңынан дейін көріңіз, егер осы шығарылым 10 мың лайк жинаса, Нұрлан Еспанов тағы да БІРІНШІ БОЛ қонағы болып, бұрын-соңды еш жерде айтпаған әңгімесін бөлісуге уәде берді. 

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам