ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Абат Айымбетов Түркия Суперлигасындағы ең сұлу голдардың бірін соқты

Соған қарамастан оның клубы тағы да жеңілді

Адана Демирспор
Адана Демирспор

Түркия Суперлигасының 22-турында «Адана Демирспор» өз алаңында «Касымпашаны» қабылдап, 3:5 есебімен жеңіліп қалды. Аталған ойында қазақстандық шабуылшы Абат Айымбетов гол соғып, көзге түсті.

Айымбетов алаңға негізгі құрамда шығып, матч соңына дейін ойнады. Ал, 88-минутта ол үш қорғаушыны алдап өтіп, қақпашыдан айласын оңай асырды. Дегенмен, оның соққан голы «Адана Демирспорды» жеңілістен құтқара алған жоқ.

Абат Айымбетов биылғы маусымда аданалық клуб сапында 17 матч өткізіп, 4 гол соқты. 21 ойыннан кейін небәрі 5 ұпай жинаған «Адана Демирспор» болса келер маусымды төменгі лигада ойнайды деп күтілуде.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам