Футбол федерациясының бұрынғы басшылығы 700 млн теңгеден астам қаржыны заңсыз жаратқан

27.03.2025, 16:18

Федерация спортшыларға 300 млн теңгеден астам сомада негізсіз сыйақы төлеген

Футбол федерациясының бұрынғы басшылығы 700 млн теңгеден астам қаржыны заңсыз жаратқан
ҚФФ

Еліміздің бас прокуратурасы Қазақстан футболында бұрынғы федерация басшылығы кезінде жасалған бұзушылықтарды жариялады. Футбол федерациясы мен клубтарға жүргізілген прокурорлық тексеру нәтижесінде басқарудағы тиімсіздік пен 3 млрд теңге көлемінде қаржылық бұзушылықтар анықталған.

Негізгі заң бұзушылықтар қатарында негізсіз сыйақылар төлеу, инфрақұрылым нысандарын салу кезінде қаражатты мақсатсыз пайдалану, спортшылармен жасалған күмәнді келісімдер және спортшыларды тамақтандыруға бөлінген қаржыны жымқыру оқиғалары тіркелгені айтылды.

Оның ішінде, федерацияның бұрынғы басшылығы жекелеген қызметкерлер мен спортшыларға 300 млн теңгеден астам сомада негізсіз сыйақы төлеген көрінеді.

Федерацияның әкімшілік ғимараты мен Талғар қаласындағы жаттығу базасын салу барысында іс жүзінде орындалмаған жұмыстарға 350 млн теңгеден аса төлемдер жасалғаны белгілі болды.

Сондай-ақ, 2021 жылы басталған Алматы облысындағы база құрылысы тоқтап қалып, мердігердің шоттары бұғатталған. Сонымен қатар 135 млн теңге стратегиялық құжаттар мен стандарттарды әзірлеуге бөлінген қаражаттың орынды жұмсалуы күмән тудырады.

«Ордабасы», «Ақтөбе» және «Жетісу» футбол клубтарындағы тексерулер де келісімшарт сомаларын асырып көрсету, ойыншыларды төмен бағамен сату, жоғары бағамен сатып алу және қаражат жымқыру сияқты бірқатар елеулі бұзушылықтар анықталды», - деп жазылған бас прокуратураның ақпаратында.

Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталып, футбол федерациясының бұрынғы басшыларына қатысты қылмыстық іс тергеп-тексеру жүргізу үшін Қаржылық мониторинг агенттігіне беріліп отыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды7
Ұнамайды0
Күлкілі0
Ашулану4
0 Пікір
Сіздің пікірікіз редакция тексеруінен өтеді
СоңғыТанымал
Әзірге жазылған пікір жоқ
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам