Ресми: Асхат Тағыберген – «Тобыл» ойыншысы

29.03.2025, 17:09

Бұл – Асхат Тағыбергеннің «Тобылға» үшінші рет келуі

Ресми: Асхат Тағыберген – «Тобыл» ойыншысы
ҚФФ

Қазақстан құрамасының капитаны ресми түрде қостанайлық клубтың ойыншысы атанды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Қош келдің, Асхат! Қостанай сенің жарқын ойындарыңды асыға күтеді!» - делінген мәліметте.

Ал «Тобылдың» бас бапкері Нұрбол Жұмасқалиев бұл трансферге қатысты былай деді:

«Асхатты таныстырудың қажеті жоқ. Ол – Қазақстан құрамасының көшбасшысы, нағыз кәсіби тұлға. Оның тәжірибесі мен шеберлігі командамызға үлкен көмек тигізеріне сенімдіміз. Оның үстіне, Асхат бұған дейін де «Тобылда» ойнаған, жеңіс рухын жақсы біледі»

Айта кетейік, бұл – Асхат Тағыбергеннің «Тобылға» үшінші рет келуі. Естеріңізде болса, мұның алдында ол сары-жасылдармен бірге Қазақстан чемпионатын жеңіп, Суперкубоктың екі дүркін иегері атанды.

Асхат Тағыберген бұған дейін Шымкенттің «Ордабасы» клубында өнер көрсетіп, қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің сынынан соң ұжымнан кету туралы шешім қабылдаған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам