Қазақстандық қақпашы Түркия чемпионатына ауысуы мүмкін

30.03.2025, 12:56

Бұл трансферге Бахтиер Зайнутдиновтің көмегі тиюі мүмкін

Қазақстандық қақпашы Түркия чемпионатына ауысуы мүмкін
ҚФФ

Қазақстан ұлттық құрамасы баспасөз қызметінің жетекшісі Ермұхамед Мәуленнің айтуынша, ұлттық құрама мен «Астана» клубының қақпашысы Мұхаммеджан Сейсен мансабын Түркияда жалғастыруы мүмкін.

Оның сөзінше, түрік агенттері қақпашыға қызығушылық танытып отыр, бұл трансферге Бахтиер Зайнутдиновтің көмегі тиюі мүмкін.

«Бахтиер Зайнутдиновтің көмегімен жақын арада Мұхаммеджан Сейсеннің Түркия чемпионатына ауысуы мүмкін екені туралы ақпарат бар», – деді Мәулен Fonteam YouTube-арнасының эфирінде.

Еске сала кетейік, Сейсен ұлттық құраманың негізгі құрамында алғаш рет 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің екінші турындағы Лихтенштейнге қарсы матчта алаңға шықты. Бұл кездесуде Әли Әлиевтің командасы 2:0 есебімен жеңіске жетті. Бұған дейін Уэльске (1:3) қарсы ойында қақпаны Александр Заруцкий қорғаған еді.

26 жастағы Сейсен кәсіби карьерасын 2018 жылы «Тараз» клубында бастады. Кейіннен ол Шымкенттің «Ордабасы» командасында ойнап, Қазақстан жастар құрамасының намысын қорғады.

Зайнутдинов 2023 жылдан бері «Бешикташ» сапында өнер көрсетіп келеді. Ол Мәскеудің ЦСКА клубынан 4,5 миллион еуроға сатып алынған болатын.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам