
Шымкентте футболшының жалақысы 20 миллион теңгені құраған
«Ордабасы» клубынан «Тобылға» ауысқан Қазақстан құрамасының капитаны Асхат Тағыбергеннің жаңа клубта шамамен қанша жалақы алатыны белгілі болды.
Есте болса, Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков Тағыбергеннің «Ордабасыда» 20 миллион теңге айлық алатынын, соған қарамастан жоғары деңгейде өнер көрсетпейтінін айтып сынаған еді. Осы мәлімдемеден кейін қоғамда оның жалақысына қатысты резонанс туған.
Енді белгілі болғаны, Тағыбергеннің Қостанайдағы жалақысы Шымкенттегіден кемі 3 есеге аз болады. Бұл туралы Gasyrfootball порталы жазды.
Айта кетейік, Тағыберген «Ордабасы» сапында 2023 жылдан бері өнер көрсетіп келді. Transfermarkt порталы оның нарықтағы бағасын 750 мың еуро деп бағалаған.