Мұхит пен Ануарбек студияда төбелесті! Жаңа шығарылым!

Қазақ қызы «Реал Мадридке» жұмысқа орналасты

20.05.2025, 11:31

Альбина Бунеску Real Madrid командасының маркетинг бөлімінде қызмет етеді

Қазақ қызы «Реал Мадридке» жұмысқа орналасты
Жеке мұрағат

Павлодарлық Альбина Бунеску әлемнің ең атақты футбол клубтарының бірі — Real Madrid командасының маркетинг бөлімінде ресми түрде жұмысқа кірісті. Бұл туралы қазақстандық маман өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Альбина үшін бұл жетістікке апарар жол оңай болмаған. Ол Астанада жылжымайтын мүлік сатып алу мен шетелде білім алу арасында таңдау жасаған. Тәуекелге барып, Мадридтегі жоғары оқу орнына түсіп, оқу барысында тәжірибеден өту мүмкіндігіне ие болған. Нәтижесінде  әйгілі клубпен еңбек келісімшартына қол қойылды.

Қазір Альбина Real Madrid клубының маркетинг департаментінде жұмыс істейді.

«Мен өз арманыма сендім. Енді өзгелерге де шекара жоқ екенін көрсеткім келеді», — деп жазды Альбина Бунеску.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 1
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам