
Бахтияр Байсейітов тергеуден 994 күннен (2,7 жыл) бері жасырынып жүр
Танымал футбол бапкері Бахтияр Байсейітов уран кенішінде қаржы жымқыру ісі бойынша күдікке ілінді.
«Дядя Ваня» telegram арнасы Бахтияр Байсейітовке қатысты істі тексеру бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке ресми сұрақ жолдаған.
Ақпаратқа сәйкес, «Ордабасы» футбол клубының экс-президенті Бахтияр Байсейітов тергеуден 994 күннен (2,7 жыл) бері жасырынып жүр.
Оған қатысты іздестіру ісі Астанада тіркелген. Отандық спорттың ардагері Түркістан облысы Созақ ауданындағы уран кенішінде бірнеше миллиондық қаржы жымқыру дерегі бойынша күдікті ретінде танылып отыр. 72 жастағы Байсейітов жайлы іздестіру жұмыстары бойынша да ешқандай нақты мәлімет жоқ.
«Ордабасы» ФК-ның бұрынғы президенті Б.Байсейітовке қатысты қылмыстық іс туралы мәлімет беру мәселесі бойынша мынаны хабарлаймыз: агенттіктің сотқа дейінгі тергеп-тексеру істері бойынша БАҚ-та жариялауға рұқсат етілген ақпарат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми «Facebook», «YouTube» және «ANTIKOR» telegram-арнасында жарияланады. Ал өзге мәліметтер Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды», – деп жауап берген Антикор өкілдері.